Пайдалану шарттары

Legal Policy Image

МАҢЫЗДЫ! БҰЛ САЙТТЫ ПАЙДАЛАНБАС БҰРЫН ОСЫ ПАЙДАЛАНУ ШАРТТАРЫН МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ. Осы сайтты және осы сайтта қолжетімді ақпаратты пайдалануыңыз келесі шарттар мен талаптарға сәйкес реттеледі:

Меншік құқығы - Бұл  www.kimberly-clark.com сайты KIMBERLY-CLARK CORPORATION («Kimberly-Clark») меншігі болып табылады, соның тарапынан басқарылады және қызмет көрсетіледі және ол ақпарат, білім, ойын-сауық және хат-хабар алмасу үшін жасалған. Бұл сайт және оның барлық компоненттері, соның ішінде, бірақ бұлармен шектей, мәтін, кескіндер және аудио бойынша авторлық құқық Kimberly-Clark компаниясына тиесілі.

Пайдалануға шектеулері - Бұл сайт сіздің жеке, коммерциялық емес мақсатта ғана пайдалануыңыз үшін қолжетімді. Бұл сайттың қандай да бір бөлігін немесе оны толықтай көшіруге, көбейтуге, қайта басып шығаруға, жариялауға, таратуға, өзге тұлғаларға жіберуге немесе өзгертуге болмайды.

Сауда белгісі туралы ескерту - Барлық атаулар, логотиптер және сауда белгілері Kimberly-Clark компаниясының меншігі болып табылады және сіз Kimberly-Clark компаниясының тікелей жазбаша келісімінсіз мұндай материалдарды ешбір мақсатта пайдалана алмайсыз.

Ерікті түрде ұсынылатын идеялар - Kimberly-Clark сіздің пікірлеріңізді алуға және біздің өнімдеріміз бен компаниямызға қатысты сұрақтарыңызға жауап беруге дайын. Дегенмен, біз өнімдеріміздің әзірленуіне, жобалануына, өндірілуіне немесе маркетингіне қатысты ерікті түрде жіберілетін идеяларды, ұсыныстарды немесе материалдарды іздемейміз және қабылдай алмаймыз. Осы саясатты ұстана отырып, біз Kimberly-Clark қызметкерлері әзірлеген өнімдерге немесе тұжырымдамаларға қатысты пікірлерді не идеяларды жіберетін қоғам мүшелері арасында кейіннен түсініспеушілік туындамайды деп үміттенеміз.

Егер сіз Kimberly-Clark компаниясына жұмысқа орналассаңыз, осы сайтта берілген материалдардың ешқайсысы еңбек шартының бір бөлігін немесе барлығын құрамайды және құрайды деп қарастырылмауы керек. Сонымен қатар, жасалған мәлімдемелер Kimberly-Clark компаниясының тарапынан өз қызметкерлерімен еркін қарым-қатынасты сақтайтын кепілдіктер немесе міндеттемелер болып табылмайды.

Хабарламаларыңызды ашу және пайдалану – Осы сайтта жарияланған хабарламалар және Kimberly-Clark компаниясына жіберілген электрондық пошталар құпия болып табылмайды және Kimberly-Clark олардың пайдаланылуына не ашылуына жауапты болмайды. Сіз осы сайтта жарияланатын барлық хабарламалар мен басқа да материалдар (соның ішінде, бірақ мұнымен шектелмей, ерікті түрде ұсынылатын идеялар, ұсыныстар немесе материалдар) немесе Kimberly-Clark компаниясына жіберілетін электрондық пошталар Kimberly-Clark компаниясының жеке және эксклюзивті меншігі болып табылады және Kimberly-Clark компаниясы оларды ешқандай өтемақысыз кез келген коммерциялық не басқа да мақсатта пайдалана алады.

Юрисдикция - Осы сайтта көрсетілген өнімдер Америка Құрама Штаттарында қолжетімді, бірақ сіздің елде қолжетімді болмауы мүмкін. Бұл сайтты Америка Құрама Штаттарында орналасқан Kimberly-Clark компаниясы бақылайды және басқарады және Kimberly-Clark осы сайттағы ақпарат пен материалдардың, соның ішінде, бірақ мұнымен шектелмей, осында анықталған өнімдерді насихаттайтын ақпарат пен басқа да материалдардың басқа жерлерде жарамды немесе пайдалану үшін қолжетімді екенін көрсетпейді. Сондай-ақ, осы сайттың кейбір бағдарламалық жасақтамалары АҚШ үкіметі орнатқан экспорттық бақылауға ұшырауы мүмкін және АҚШ эмбарго қойған қандай да бір елде (немесе азаматына не тұрғынына) жүктеліп алынбауы не басқалай экспортталмауы не қайта экспортталмауы мүмкін. Егер сіз бағдарламалық жасақтаманы жүктеп алсаңыз немесе пайдалансаңыз, сіз қандай да бір осындай елдің азаматы емес екеніңізді немесе қандай да бір осындай тізімде жоқ екеніңізді мәлімдейсіз және оған кепілдік бересіз.

КЕПІЛДІКТЕРДЕН БАС ТАРТУ - KIMBERLY-CLARK КОМПАНИЯСЫ ОСЫ САЙТТЫҢ МАЗМҰНЫНЫҢ (МӘТІНІ МЕН СУРЕТТЕРІНІҢ) ДӘЛДІГІНЕ, СЕНІМДІЛІГІНЕ НЕ ТОЛЫҚТЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ЕШҚАНДАЙ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАМАЙДЫ НЕ КЕПІЛДІК БЕРМЕЙДІ. KIMBERLY-CLARK КОМПАНИЯСЫ ЗАҢМЕН БАРЫНША РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ШАМАДА БАРЛЫҚ ТІКЕЛЕЙ НЕ ТҰСПАЛДЫ КЕПІЛДІКТЕРДЕН, СОНЫҢ ІШІНДЕ, БІРАҚ БҰЛАРМЕН ШЕКТЕЛМЕЙ, САТУҒА ЖАРАМДЫЛЫҚ НЕ БЕЛГІЛІ БІР МАҚСАТҚА СӘЙКЕСКЕСТІЛІК БОЙЫНША ТҰСПАЛДЫ КЕПІЛДІКТЕРДЕН БАС ТАРТАДЫ. СОНЫМЕН ҚАТАР, KIMBERLY-CLARK БҰЛ САЙТТА НЕМЕСЕ ОНЫ ҚОЛЖЕТІМДІ ЕТЕТІН СЕРВЕРДЕ КОМПЬЮТЕРЛІК «ВИРУСТАРДЫҢ» БОЛМАЙТЫНЫНА КЕПІЛДІК БЕРМЕЙДІ.

Жауапкершілік шектеуі - Kimberly-Clark сіздің осы сайтқа немесе ондағы мазмұнға кіруіңізден немесе оған кіре алмауыңыздан немесе осы сайтты немесе ондағы мазмұнды пайдалануыңыздан немесе оған сенім артуыңыздан туындайтын арнайы не салдарлық залалдардарды қоса алғанда, ешбір залал үшін жауапты болмайды. Сонымен қатар, Kimberly-Clark осы сайтты немесе оның мазмұнын жаңартуға міндетті емес және Kimberly-Clark мұндай ақпараттың жаңартылмағаны үшін жауап бермейді. Сонымен қатар, Kimberly-Clark осы сайттағы белгілі бір сілтемелер арқылы кіруге болатын басқа веб-сайттарды пайдалануыңыз үшін жауапкершілік не міндеттеме көтермейді. Осы сайттағы сілтемелер және сілтеме жасалған басқа да «ресурстар» Дүниежүзілік желі пайдаланушыларына жай ғана қоғамдық қызмет ретінде ұсынылады және олардың біздің сайтымызда орын алуы Kimberly-Clark компаниясының оларды қолдайтынын немесе оларға қатыстылығын білдірмейді.

Веб-трансляциялар – Бұл веб-трансляцияларды инвесторлар мен басқа да мүдделі тұлғаларға ыңғайлы болу үшін біздің веб-сайтымызда ойнату үшін қолжетімді. Бұл Веб-трансляциялардағы ақпарат веб-трансляция күні бойынша берілген және Kimberly-Clark мұндай ақпаратты жаңарту міндетінен бас тартады.

Сыртқы қаржылық ақпарат - Біз бұл ақпаратты пайдаланушыға ыңғайлы болу үшін қолжетімді еттік және біз оны жаңартпаймыз.

Басқалар - Kimberly-Clark өз білгенінше (1) осы Ресми мәлімдемені өзгерту, (2) хабарламаларды бақылау және жою және (3) кез келген уақытта алдын ала ескертусіз сайттың қолжетімділігін тоқтату құқығын сақтайды. Егер осы Ресми мәлімдеменің қандай да бір шарты, талабы немесе ережесі заңсыз, жарамсыз немесе қандай да бір себептермен орындалуы мүмкін емес деп танылса, бұл қалған шарттардың, талаптардың және ережелердің жарамдылығы мен күшіне ықпал етпейді және оларға нұқсан келтірмейді. Осы Ресми мәлімдеме Kimberly-Clark компаниясы мен сіздің араңыздағы осы құжаттың тақырыбына қатысты бүкіл келісімді құрайды.

Осы сайтты пайдалану арқылы сіз жоғарыдағы шарттар мен талаптарға келіскеніңізді растайсыз. ЕГЕР БҰЛ ШАРТТАР МЕН ТАЛАПТАРҒА КЕЛІСПЕСЕҢІЗ, БҰЛ САЙТТЫ ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ.